Меню

02150200 - Музыка теориясы

Мамандығы: 02150200 - Музыка теориясы
Біліктілігі: 4S02150201 - Музыкатанушы, балалар музыка мектебінің оқытушысы 0215; 2652-9; 2373-4
Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай (орта (Толық) жалпы білім беру базасында)
Оқыту тілі: орыс, қазақ
Оқыту түрі: күндізгі

Мамандық туралы: 

«Музыка теориясы» – бұл мамандық өзінің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін іске асырғысы келетін, қала мен облыста қызықты және сұранысқа ие мамандық алғысы келетіндердің барлығына арналған! Егер сіз 9-сынып түлегі болсаңыз, ойлануға, өз ойыңызды ерекше және сауатты білдіруге, өзіңізді жарқын және тиімді түрде танытуға тырыссаңыз, онда бұл сіздің мамандығыңыз!

Музыкалық-теориялық пәндер - кәсіби педагог-музыкантты оқытудың ажырамас бөлігі. Шығыс Қазақстан өнер училищесінің негізі қаланғаннан бері сольфеджио, гармония, музыка теориясы, әлемдік музыка әдебиеті, музыкалық шығармаларды талдау, аспаптану, полифония және т. б. пәндер оқытылды.

Қазіргі педагогикалық құрам – училищенің барлық түлектері. Бүгінде бөлім оқу үдерісінің қарқынды ырғағында, шығармашылық ізденістер және жаңа әдістемелер мен бағдарламаларды әзірлеумен ғұмыр кешуде. Теория маманының кәсіби қызметі оқу жұмысымен шектелмейді. Дәрістер, концерттер өткізу, ғылыми конференциялар ұйымдастыру – бөлім өмірінің маңызды бөлігі. Оқудың барлық кезеңінде "Музыка теориясы" мамандығының студенттеріне әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларда, конкурстарда және ғылыми-практикалық конференцияларда өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беріледі.

Студенттердің тәжірибесі:

Педагогикалық, фольклорлық-этнографиялық, дәрістік тәжірибе білім беру бағдарламасының міндетті бөлігі болып табылады. Фольклорлық-этнографиялық және сольфеджио мен музыка әдебиеті пәндері бойынша педагогикалық тәжірибелер оқу орнының базасында, балалар өнер мектептерінде, балалар музыка мектептерінде сабақ өткізу болса, дәрістік тәжірибе жалпы білім беретін мектептерде, қаланың концерттік алаңдарында ұйымдастырылған іс-шараларда жүргізуші, лектор ретінде өтеді.

Мансап мүмкіндіктері:

Нені үйретеді?

- Балалар өнер мектептерінде, балалар музыка мектептерінде, қосымша білім беру мекемелерінде, жалпы білім беру мекемелерінде сабақ беруді.

- Музыкалық-теориялық пәндерді оқытудың классикалық және заманауи әдістерін қолдануды.

- Дәрістік-концерттік бағдарламаларды әзірлеуді.

- Концерттік аудиторияларда және дыбыс жазу студияларында дәрістік -концерттік жұмысты ұйымдастырып,  жүзеге асыруды.

- БАҚ-та музыкалық мәдениет саласындағы тілшілік қызметпен айналысуды;

- Баспа БАҚ-та жариялау, теледидарда, радиода және желілік БАҚ-та пайдалану үшін мәдениет пен өнер саласындағы оқиғалар мен фактілер туралы материалдар әзірлеуд;

- Музыкалық және әдеби мәтіндердің корректоры және редакторы болып жұмыс істеуді.

- Музыкалық шығармаларға теориялық және орындаушылық талдау жасауды.

МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ БОЛАШАҒЫ

ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: