Меню

02150300 - «Вокалдық өнер»

Мамандық: 02150300 - «Вокалдық өнер»
Біліктілік: 4S02150301 - Академиялық ән салу әртісі, балалар музыка мектебінің оқытушысы 0215; 2652-5; 2373-4
Біліктілік: 4S02150302 - Дәстүрлі ән салу әртісі, балалар музыка мектебінің оқытушысы 0215; 2652-5; 2373-4
Мамандану: «Ән салу»
Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай (орташа білім беру (толық) базасында)
Оқу тілі: русский, казахский
Оқу формасы: күндізгі

Мамандық жайлы:

Ән салу - кеңінен тараған және қол жетімді музыкалық шығармашылық көріністерінің бірі. Осы бағдарламо бойынша дәріс алатын студенттер музыкант - орындаушыға керекті білім және дағдыларды алады. Болашақ әнші өз дауысымен еркін қолдана білуі тиіс, сондықтан «Ән салу» бөлімінің студенттері дауыс қою, даустық тірек және дем алу тәсілдеріменен күнделікті жұмыс жасайды. Сонымен қатар «Ән салу» бөлімінің мұғалімдері сахна мәдениеті, актерлық шеберлік, тіл мәдениетімен жұмыс жасайды.    Студенттер жеке және ансамбльдік бағытта ән орындайды, түрлі байқауларда, әртүрлі деңгейдегі концерттерге қатысатын мүмкіндіктері болады, студент бола тұрып мамандық бойынша оқумен қиыстырып жұмыс істей алады.

Мамандандырылған қызмет орындары болып табылады: творчестволық ұжымдар, концерттік ұйымдар, өнер және білім мекемелері, балалар музыкалық мектептер, тағыда басқа қосымша музыкалық білім беру орталықтары

Студенттер тәжірибесі:

Оқу үрдісін тәжірибемен тығыз байланыстыру - студенттерді оқыту жүйесіндегі ең маңызды қызмет. Студент музыка мен балалар арасындағы байланысты реттеуші маман іспетті, оның міндеті оқушы мен музыка арасындағы көркемдік және шығармашылық байланысты орнату.

«Ән салу» бөлімінің студенттері педагогикалық тәжірбиені толық қамтиды. Педагогикалық тәжірибенің мақсаты  - балалар музыкалық мектептерінде білім беріп, ән сабағын толық меңгерген, жоғары білікті маман дайындау. 3,4 курс студенттері педагогикалық тәжірибені Халық әртістер ағайынды Аблуллиндер атындағы ШҚ өнер училищесінің негізіндегі тәжірибе мектебінде 7 – 13 жас аралығындағы балалар дауыстарымен жұмыс жасау арқылы өтіп, ашық сабақтар, баяндамалар өткізуді үйреніп, оқушыларды түрлі балаларға арналған ән байқауларына дайындайды.

Мансаптық мүмкіндіктер:

- Әнші ретінде түрлі аспаптық ансамблдердің, оркестрлердің сүйемелдеуімен жеке орындау және электрондық құрылғылардың сүйемелдеуімен түрлі сахналық алаңдарда ән орындау мүмкіншілігі бар;

- Балалар музыкалық мектептерінде, басқа да қосымша білім беру мекемелерінде вокалдық педагогика бойынша жұмысқа орналасу;

- Өзін кәсіби тұрғыда дамыту мақсатында жоғарғы оқу орнына қабылданып, біліктілігін арттыру мүмкіншілігі қарастырылған.

ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: